Жұмыс кеңесінде Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г. Утебаевна алғы сөзімен басталып, кене энцефалиті бойынша өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, аурудың алдын алу шаралары, зертханалық диагностикасы және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің және аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің мамандары, Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясының маманы М.Төлегеновна және Маңғыстау облысының Ұлттық сараптама орталығы паразитология зертханасының дәрігерлері Ж.Дәрменбаева, Р.Нұртаева қатысты.
Мамандар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, профилактикалық шараларды күшейту, халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1225671?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау