Сарыарқа ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың қолжетімді ортаға құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу құқықтарын қорғады.

     Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың өзге де жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді орта қалыптастыру мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады және прокуратура органдарының ерекше бақылауында.

     Осыған байланысты аудан прокуратурасымен әлеуметтік сала объектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде заңнама талаптары мен құрылыс нормаларының сақталуына талдау жүргізілді.

     Қадағалау іс-шараларының нәтижесінде бірқатар денсаулық сақтау объектілерінде қолжетімді орта элементтерінің болмауына не тиісінше жабдықталмауына байланысты бұзушылықтар анықталды, оның ішінде пандустардың, тұтқалардың, шақыру батырмаларының және өзге де элементтердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі фактілері анықталды.

     Анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

     Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 денсаулық сақтау объектісінде бұзушылықтар жойылып, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етілді, 900-ден астам мүгедектігі бар адамның құқықтары қорғалды.

     Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге және халықтың барлық санаттары үшін қолжетімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмысты жалғастырады.

           Астана қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1225670?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version