“Алматы “ӘКК” АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 21 мамырда Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының алаңында «Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының қызметкерлеріне арналған ««Алматы» ӘКК» АҚ және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында семинар-дәріс өтті. Іс-шара құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның спикері «Алматы» ӘКК» АҚ Қауіпсіздік қызметінің басшысы, запастағы офицер, Қазақстан Республикасы ҰҚК органдарында басшылық қызметтерде еңбек еткен, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Самаков Чапай Каниевич болды.

Кездесу барысында спикер өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың маңыздылығына, сондай-ақ ұжымда адалдық, ашықтық және жеке жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, кәсіби қызметте іскерлік әдеп қағидаттарын ұстану мәселелерін талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесімен танысты.

Семинар аясында ішкі бақылау жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp/press/news/details/1225815?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version