«Сандықтау ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Б. Абдрахманова 2026 жылғы 21 мамырда Сандықтау аудандық мәслихатының кезекті сессиясына қатысып, 2025 жылға арналған Сандықтау ауданы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.

        Сандықтау аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі С.К. Құдабай тиісті баяндама жасады.

        Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған Сандықтау ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есепке қорытындысы ұсынылды.

        Қорытындыда 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ, бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.

        Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1225816?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version