Алматы оқушылары республикалық спорт додаларында жоғары нәтиже көрсетіп келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша алматылық мектеп оқушылары республикалық жарыстар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру шараларымен жалпы саны 150 мыңнан астам адам қамтылды.

Жыл басынан бері қалада мыңдаған оқушы қатысқан 100-ге жуық жарыс пен спорттық жоба ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін тағы 70-ке жуық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Қалалық деңгейде «Almaty Jastar Ligasy» аясында апта сайын 256 команда өзара бақ сынап жатыр.

Республикалық деңгейде Алматы құрамалары спорттың 10 түрі бойынша өткен Ұлттық мектеп лигасының қорытындысында жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орын иеленді.

Оқушылар өзге де республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ пен шахматтан өткен республикалық олимпиадаларда ІІ және ІІІ орын иеленді.

Сонымен қатар, «Дене шынықтыру» пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық олимпиадада 7-8 сынып оқушыларынан құралған команда І орын иегері атанып, үздік нәтиже көрсетті.

Алматы мектептерінде бұқаралық спортты дамытумен қатар, ұлттық спорт түрлерін (асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ) насихаттауға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1225617?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version