Ақмола полицейлері облыстық білім басқармасымен бірлесіп балалар арасында асық атудан турнир өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 20 мамырында “Болашақ сарайының” қабырғасында ұлдар арасында асық ату ойындары өткізілді. Іс-шараға Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 8 команда қатысты.

Іс-шараның мақсаты-ұлттық спорт түрлерін дамыту, спортпен шұғылдану арқылы өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы белсенді ұстанымын қалыптастыру.

Іс-шара барысында турнир қатысушылары ойлау өткірлігі, тапқырлық, ептілік және шыдамдылықтарын көрсетіп жарысты.

Ойын жеңімпаздары Ақмола облысы полиция департаментінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

“Асық ату-бұл жай ғана ойын емес, дәлдік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытатын, сондай-ақ логикалық ойлауға да оң әсер ететін спорт. Турнир қызықты әрі әсерлі өтті”, – деп атап өтті есірткімен күрес полицейі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1225626?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version