Ақтау қаласында 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында 2025-2026 оқу жылының қорытындысы және мектеп бітіру іс-шараларын өткізу тәртібі мен оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында жазғы демалыс кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар қаралды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шараларын күшейту, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жазғы лагерьлердің жұмысын үйлестіру, балалардың жол-көлік, судағы және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева жиында мектеп директорлары мен педагогтерге оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтып, тиісті тапсырмалар берді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1225704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version