Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын қазығы. Сіздер осы маңызды салада аянбай еңбек етіп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, қаламыздың мәдени өмірінің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Орал қаласының рухани тынысын байытып, өнер арқылы көпшілікке тағылым мен тәрбиенің үлгісін көрсетіп жүрген еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.
Халыққа рухани күш сыйлап, мәдениетіміздің мәртебесін көтеру жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, толағай табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1225685?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау