Ауыл жастары мен оқушылар арасында «Сіздің-сайлау құқығыңыз!» атты құқықтық сағат ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2 ақпан – «Дүниежүзілік сайлау күні» мерекесіне орай Ақжар ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылының Қ.Жарылғасынов атындағы орта мектебінде ауыл жастары, оқушылар арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында «Сіздің-сайлау құқығыңыз!» атты құқықтық сағат ұйымдастырылды.
📑 Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлау құқығы мен міндеттері туралы түсінік беру, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру болды.
📃 Құқықтық сағат барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген сайлау құқықтары, дауыс беру тәртібі, сайлауға қатысудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. ✅Сонымен қатар, жас сайлаушылардың құқықтары мен заң алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
Қорытынды бөлімде жастардың саналы таңдау жасауы – ел болашағының кепілі екені атап өтілді. 📚Сондай-ақ, шара барысында «Сайлау тарихы – Ел тарихы» тақырыбында кітап көрмесі қатысушыларға таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-tarbagatay/press/news/details/1225295?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version