Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кедергісіз ортаны қалыптастыруды бақылауды жүйелеуге бағытталған мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін бағалаудың жаңа алгоритмін бекітті. Бұл механизм ғимараттар мен құрылыстарға егжей-тегжейлі көшпелі тексеру жүргізуді қарастырады. Оның барысында мамандар инфрақұрылымның белгіленген құрылыс нормаларына сәйкестігін он екі негізгі параметр бойынша бағалайтын болады. Сараптаманың барынша ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін мониторинг процесіне әкімдердің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілері белсенді түрде тартылуда.
Сонымен қатар, ведомство санаторий-курорттық емдеу сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның аясында бейінді ұйымдар үшін міндетті аккредиттеуді енгізу жоспарланып отыр. Жаңа талаптар Әлеуметтік қызметтер порталындағы қызмет жеткізушілерге де қатысты болмақ. Олар үшін мүгедектігі бар азаматтарға орындарды резервтеу және қызметтерді растау үшін припискаларға (қызметтерді қосып жазуға) жол бермейтін заманауи цифрлық құралдарды пайдалану міндеттемесі енгізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1225263?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау