2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 10:00-де Жданов ауылдық округі Қостанай ауданы әкімдігі аппаратының ғимаратында Жданов ауылдық округінің әкімі Ибраев Мендіғали Ошақбайұлының қатысуымен 11-сынып оқушыларына арналған «Мемлекеттік қызметтегі мансап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына мемлекеттік қызмет саласының ерекшеліктерін түсіндіру, болашақ кәсіби бағдар беру, сондай-ақ жастардың мемлекеттік органдарда қызмет етуге қызығушылығын арттыру болды.
Кездесу барысында ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығына тоқталып, бұл саланың ашықтық, жауапкершілік, адалдық және кәсібилік сияқты негізгі қағидаттарға негізделетінін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, талап етілетін білім мен дағдылар, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Оқушыларға мемлекеттік қызмет саласында еңбек ету – тек жұмыс қана емес, ел дамуына тікелей үлес қосу мүмкіндігі екені түсіндірілді. Сондай-ақ жастардың білім алудағы белсенділігі, жауапкершілігі және болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара еркін форматта өтіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Қатысушылар мемлекеттік қызметке қатысты өз ойларын ортаға салып, қызығушылық танытты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1225275?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау