«Назар аударыңыз – балалар» республикалық акциясы басталғалы 700-ден астам іс-шара өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада 18-25 мамыр аралығында өткізіліп жатқан «Назар аударыңыз-балалар» республикалық акциясы аясында балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Елордада жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Жол қауіпсіздігіне қатысты әлеуметтік бейнероликтер LED-экрандарда кеңінен көрсетілді.
Профилактикалық жұмыстардың негізгі бағыты білім беру ұйымдарын қамтыды. Қаладағы 203 білім беру мекемесінде түсіндіру шаралары өткізіліп, оның ішінде 42 мектепте жұмыс істейтін Жас жол инспекторлары жасақтары белсенді түрде қатысты.
Ювеналдық полиция мен патрульдік полиция қызметкерлері мектептерде 728 лекция өткізді. Балаларға жол қозғалысы ережелері, жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту тәртібі, велосипед пен жеке мобильділік құралдарын пайдалану талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, ата-аналар арасында да профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Балаларды көлікпен тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктерін тағу және арнайы балалар құрылғыларын пайдалану қажеттілігі жөнінде 500-ден астам ата-анамен түсіндіру әңгімелері өткізілді.
Балаларды тасымалдауға арналған 48 көлік құралы тексеріліп, нәтижесінде техникалық ақауы бар 3 көлік анықталды. Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы негізінде әкімшілік материалдар рәсімделді.
Өткізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 26 фактісі анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзудың 16 фактісі және балаларды тасымалдау талаптарын бұзудың 10 фактісі тіркелді.
Қазіргі уақытта «Назар аударыңыз-балалар» республикалық акциясы жалғасуда және қаладағы балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1224969?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version