Облыс прокуратурасының бастамасымен жастардың ұсынысы негізінде облыс әкімдігімен бірлесіп «Graffiti Battle. Заң аумағы» республикалық фестивалі өткізілді.
Фестивальдің басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, «Заң және тәртіп» қағидатын дәріптеу және Шығыс Қазақстан облысының 2026-2027 жылдарға арналған жастар саясаты стратегиясын іске асыру.
Іс-шара профилактиканың үйреншікті форматтарынан бас тартып, жастардың креативті энергиясына басымдық жасауға бағытталған.
Фестиваль еліміздің талантты жастарын, оның ішінде «Бірлікте күш» өңірлік жобасының қатысушыларын біріктірді.
Аталған трендтің өзектілігін фестивальге Астана және Шымкент қалаларынан, Абай, Жетісу, Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 30 қатысушының қатысуы дәлелдейді.
Іс-шара шығармашылық пен драйв атмосферасында әлеуметтік желілерде онлайн трансляциямен өткізілді, онда 100 мың қолданушы нақты уақыт режимінде бүкіл үдерісті бақылап отырды.
Өнер арқылы қатысушылар заңға құрмет, жауапкершілік, бірлік және қоғамдық құндылықтар тақырыптарын көтерді.
Айта кету керек, мұндай іс-шара облыс прокуратурасымен жыл сайын өткізіледі.
Фестиваль қорытындысы бойынша қазылар алқасымен келесі номинациялар бойынша үздік жұмыстар марапатталды: «Үздік көркем орындау»; «Ең креативті идея»; «Үздік түстік шешім»; «Күшті әлеуметтік үндеу»; «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін».
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен тартулар табысталды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1224968?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау