Өскемен қаласындағы «Самал» саябағында «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттауға бағытталған Graffity Battle «Заң аумағы» республикалық фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Фестиваль аясында граффити сайысы қаланың бірнеше локациясында ұйымдастырылып, жас суретшілер өз шығармашылық идеяларын көше өнері арқылы ұсынады. Іс-шараға қоғам белсенділері, спортшылар және арнайы қонақтар қатысты.
Бүгінгі фестивальге еліміздің 8 өңірінен — Астана, Шымкент қалалары, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген талантты 30 жас қатысып, өз өнерлерін көрсетуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1225053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау