Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері және кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ал өнер – халықтың жан дүниесінің айнасы. Сіздер ұлттық құндылықтарды дәріптеп, төл мәдениетімізді насихаттап, келер ұрпаққа өнеге боларлық рухани мұраны сақтап келе жатқан абыройлы сала иелерісіздер. Кітапханашылардың да қоғамдағы орны ерекше. Сіздер білім мен парасаттың, руханият пен ағартушылықтың алтын көпіріне айналып отырсыздар.
Ауданымыздың мәдени-рухани дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды нығайту жолындағы қажырлы қызметтеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін! Халық игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым еленіп, мәртебелеріңіз арта берсін!
Құрметпен, Нұржан Оразбекұлы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1225054?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау