Шымкентте бітіруші түлектермен профилактикалық кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласы Полиция департаменті Профилактикалық жұмыстарды үйлестіру басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жакипов Қасымхан Қыдырмұратұлы №135 жалпы орта мектебіне арнайы барып, 11-сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Бала қауіпсіздігі» және «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, 25 мамыр — соңғы қоңырау мерекесіне байланысты бітіруші түлектерге автокортеж ұйымдастыруға, көлік құралдарының терезесі мен люгінен шығуға, жол қозғалысына қауіп төндіретін әрекеттер жасауға, түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзуға жол берілмейтіні қатаң ескертілді.

Полиция полковнигі жастарға заң талаптарын сақтау — әр азаматтың міндеті екенін атап өтіп, мерекелік күндері қауіпсіздік шараларына ерекше жауапкершілікпен қарауға шақырды.

✨ Заң мен тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1225828?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version