«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» – ТАЗА ҚАЛА, ТАЗА САНА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Шымкент қаласында экологиялық тазалықты сақтау және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында кезекті «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды.

Еңбекші ауданы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы бірлесіп, Қойкелді батыр көшесінің бойындағы тазалыққа қатысты.

Акция барысында партияның қалалық және аудандық филиалының қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары белсенділік танытып, аулалар мен көше бойларындағы қоқысты тазалады. Сонымен қатар, шөп орылып, ағаштар бұталанды, түптері әктеліп, аумақтың жалпы санитарлық жағдайы ретке келтірілді.

«Таза бейсенбі» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының маңызды бір бөлігі. Акция апта сайын тұрақты өткізіліп, тек тазалықты қамтамасыз етумен шектелмейді, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да бағытталған.

Ұйымдастырушылар бұл бастама алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1225827?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version