23–26 мамыр аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді.
Құрлықтық додаға жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам атлет, ал топтық жаттығуларда 10 елден 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды. 
Аталған жарыста Ұлттық құрама да толық құраммен бақ сынайды.
Жекелей бағдарлама:
Ақмарал Ерекешева
Айбота Ертайқызы
Ал топтық жаттығуларда Қазақстан командасы келесі спортшылардан жасақталған:
Жасмин Жүнісбаева
Аида Хакимжанова
Мадина Мырзабай
Айзере Нұрмағамбетова
Айзере Кеңес
Кристина Чепульская
Бас бапкер – Лола Әділбекова
Айта кетейік, бұл дода – Азияның үздік көркем гимнастары бас қосатын маңызды бәсеке. Сондай-ақ, ол күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1225826?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау