Қордай аудандық мәслихатының кезекті алпыс төртінші сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 мамырда Қордай аудандық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаеваның төрағалығымен мәслихаттың кезекті сессиясы өтті, оның жұмысына депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасары, Қордай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессияда депутаттар «2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» мәселені қарады, баяндаманы аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Еран Рысқұлов ұсынды. Содан кейін осы мәселе бойынша қорытындыны малихаттың бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, депутат Катира Увалиева берді.

Бұдан басқа  «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық  мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №55-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің  және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» және «Жамбыл облысы, Қордай ауданы елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу туралы» мәселелері қаралды.

Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korday/press/news/details/1225825?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version