Тұрғындар үшін «Қызмет алушылар күні» өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

20 мамырда Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында  Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бірлесіп «Қызмет алушылар күні» акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты тұрғындардың құқықтық, цифрлық сауаттылығын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттырып, заңнамадағы жаңашылдықтармен таныстыру.

Қызмет алушыларға арналған мұндай іс-шаралар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасына сәйкес тұрақты негізде өткізіледі. Бүгінгі тақырып кәсіпкерлік және салық мәселелеріне арналған.

Бизнес өкілдері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы елімізде кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.

Қазіргі уақытта салық, кәсіпкерлікті реттеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамада көптеген өзгерістер енгізілуде.

Мысалы, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енді. «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға түбегейлі өзгерістер енгізілді. Оның барлығы азаматтардың құқықтарын сақтауда үлкен маңызға ие.

Шара барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Халық бухгалтері»  акциясын өткізіп жатқанын хабарлады.«Халық бухгалтері» — жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған тегін консультациялық көмек.

Ақмола облысы бойынша іс-шара Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында аптасына 2 рет (сейсенбі, бейсенбі) сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.

Шара барысында барлық келген салық төлеушілер сапалы мемлекеттік қызмет алды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1225824?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version