Болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы жұмыс берушінің рөлі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зейнетақы жүйесі бірнеше құрамдауыш бөліктен тұрады және азаматтардың болашақтағы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Соның бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ).
Жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлері үшін жарналарды өз қаражаты есебінен аударады.
ЖМЗЖ 2024 жылы 1,5% мөлшерлемемен енгізілді және жарна кезең-кезеңімен өсіп отырады.
2026 жылы жарна мөлшерлемесі қызметкер табысының 3,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға жетеді.
ЖМЗЖ енгізу – ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюынан туындаған маңызды қадам.
Бұл бастама:

  • жоғалған кірісті өтеуге,
  • зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға,
  • мемлекет, қызметкер және жұмыс беруші арасындағы жауапкершілікті әділ бөлуге бағытталған.
    Толығырақ enpf.kz сайтында, 1418 телефоны арқылы және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында. https://t.me/enpfkz/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1226550?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version