Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Б.Римова атындағы академиялық драма театрында салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара барысында мәдениет саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген үздік мамандар марапатталды.
Марапатталғандар қатарында Жетісу өңірінің кітапханашылары да бар:
«Үздік кітапхана» номинациясын Ақсу аудандық кітапханасы иеленді.
«Үздік кітапхана қызметкері» номинациясымен Көксу аудандық кітапханасының кітапханашысы Молдабаева Ләззат Қанатқызы марапатталды.
Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тохтасунова Феруза Пазлитдиновна және Кербұлақ аудандық кітапханасы директорының орынбасары Муйтунова Турсункуль Джайсарбаевна «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Панфилов ауданы, Алмалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қасенова Бибигул Турархановна Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет грамотасына» ие болды.
Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық №5 кітапханасы филиалының меңгерушісі Кажаева Салтанат Нуржауовна Жетісу облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Қаратал ауданы, Ескелді ауылдық кітапханасының кітапханашысы Атибекова Майра Уатаевна және Кербұлақ аудандық кітапханасының кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Құланбекова Эльвира Құсаинқызы «AMANAT» партиясының Алғыс хатымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1226549?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау