Аудандық кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысы ТЖД Техникалық нормалау бөлімінің қызметкерлері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен жасалған меморандум аясында облыс аумағындағы аудан кәсіпкерлерімен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар «объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жан-жақты ақпарат берді. Кездесу барысында қорытынды алу үшін қажетті құжаттар тізімі, өтінім беру тәртібі және жиі кездесетін кемшіліктер туралы түсіндіріліп, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау