ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қоғам ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылға жоспарланған жобалар жөнінде баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті.
2025 жылы Қоғам ауылындағы Ынтымақ көшесіне 950 метр, Мыңшұңқыр елді мекеніндегі Ә.Сарбасұлы көшесіне 1200 метр, Талапты елді мекеніндегі Атамекен көшесіне 1300 метр және Тәуелсіздік көшесіне 900 метр асфальт төселіп, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Мыңшұңқыр ауылындағы Ә.Сарбасұлы көшесіне 2100 метр жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, Қоғам ауылындағы Бескепе көшесі жарықтандырылды.
Абаттандыру бағытында Талапты ауылында балалар ойын алаңшалары, Қоғам ауылында балаларға арналған спорт алаңшасы салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қоғам ауылының кіреберісінен бастап Арыстан баб кесенесіне дейінгі жол бойына қоршау орнатылып, Арыстанбаб кесенесі маңындағы айналма жол абаттандырылды.
Кездесуде кәсіпкерлік саласында да оң нәтижелер бар екені айтылды. 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында 6 азамат қайтарымсыз грант алып, жаңа кәсіптерін бастаған. Нәтижесінде ауылда азық-түлік дүкендері ашылып, жаңа жұмыс орындары құрылды.
Ауыл шаруашылығы саласында Мыңшұңқыр ауылындағы Серібек каналына бетон қаптау жұмыстары жүргізіліп, Қоғам ауылындағы Ш-7 каналы механикалық тазалаудан өтті. Сонымен қатар, бірқатар каналдар коммуналдық меншікке қабылданған.
Аудан әкімі 2026 жылға жоспарланған жұмыстарға да тоқталды. Атап айтқанда, Қоғам ауылындағы Қ.Нарымбетов көшесі мен Мыңшұңқыр ауылындағы Көктөбе көшесіне асфальт төсеу, балалар ойын алаңшаларын салу, Талапты ауылындағы Атамекен көшесін жарықтандыру және Шәуілдір–Қоғам бағытындағы көше жарықтарын орнату жұмыстары жоспарланған.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, көше жарығы, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесу соңында Қайрат Жолдыбайұлы ауылдың дамуы жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, тұрғындарды бірлік пен ауызбіршілікке шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1226625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version