КЕЛЕСТЕ «МУЗА» СПЕКТАКЛІ САХНАЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Келес ауданында Қазақ театрының 100 жылдығына және қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған тағылымды мәдени кеш өтті. Ә.Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Келес» халықтық театры көрермен назарына жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Муза» атты поэзиялық-психологиялық драмасын ұсынды.
Тағылымы мол мәдени шараға Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев қатысып, театр ұжымының еңбегіне жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аналар мен әжелер кеңесінің мүшелері, ақсақалдар, ұстаздар және аудан тұрғындары спектакльді тамашалады.
Қойылым барысында өнер мен өмір, ақын жанының арпалысы, шығармашылықтағы сезім мен шабыт тақырыптары терең көрініс тауып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Театр әртістерінің шынайы актерлік шеберлігі мен сахналық қойылымы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Мәдени кеш соңында көрермендер театр ұжымына алғыстарын білдіріп, қазақ руханиятын насихаттайтын мұндай тағылымды шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1226884?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version