КӨЛІКТЕГІ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АРДАГЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ТАҢЕРТЕҢГІ САПТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көліктегі полиция департаментінде көліктегі ІІО ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Хамит Жұмабайдың қатысуымен кезекші нарядтың таңертеңгі саптық жиыны өткізілді.

Іс-шара барысында ардагер қызметтік тәжірибесімен бөлісіп, кезекші нарядқа жүргізілген нұсқамаға қатысты. Кездесу кезінде қызметтік тәртіпті сақтау, қызмет барысында жауапкершілікті арттыру және ішкі істер органдарындағы сабақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Хамит Жұмабай көліктегі полиция саласында 15 жылдан астам уақыт жедел кезекші қызметін атқарып, құқық қорғау органдарындағы қызметін абыроймен аяқтап, зейнеткерлікке шыққан.

Мұндай кездесулер жас қызметкерлерге тәлім-тәрбие беруге, кәсіби дәстүрлерді нығайтуға және жеке құрамның қызметтік даярлығын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1226492?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version