ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Ақжар тұрғын алабында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындардың әлеуметтік, құқықтық және инфрақұрылымдық мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша тиісті сала мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қабылдауға партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанттары, қалалық партия филиалы төрағасының міндетін атқарушы, мәслихат депутаты әрі фракция жетекшісі, мәслихат депутаты, фракция мүшесі, сондай-ақ салалық басқармалар, аумақтық департамент, Әл-Фараби аудандық әкімдігі қызметкерлері мен заңгерлер қатысты.

Кездесу барысында азаматтар негізінен қоғамдық көлік, инфрақұрылым, абаттандыру және әлеуметтік мәселелерге қатысты өтініштерін жеткізді. Тұрғындар көтерген сауалдар бойынша жауапты мекеме өкілдері нақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1226491?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version