Көпір құрылысына байланысты 3 жаңа бағдаршам орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР!

Абай даңғылында (№15 орта мектептен Балуан Шолақ көшесіне дейінгі аралықта) көпір құрылысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді.

Қазіргі таңда автокөлік ағыны Балуан Шолақ және М.Мәметова көшелері арқылы бағытталуда.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 3 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды:

Балуан Шолақ — М.Мәметова көшелерінің қиылысында
Балуан Шолақ — Желтоқсан көшелерінің қиылысында
Байзақ батыр — М.Мәметова көшелерінің қиылысында

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қауіпсіздікке мән берулерін және бағыттарын алдын ала жоспарлауларын сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1226532?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version