Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Бас Прокурорының Макаоға жұмыс сапарының қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық қадағалау органының басшысы мен Макаоның әкімшілік және әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Вонг Сио Чак үш мемлекетаралық келісімге қол қойды: қылмыскерлерді экстрадициялау туралы; қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы; сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы.

Қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісім бір юрисдикция аумағында қылмыс жасап, екінші тарапта жасырынып жүрген адамдарды ұстап беру үшін құқықтық тетік қалыптастырады.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт Қазақстан мен Макаоның құқық қорғау органдары арасында күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процессуалдық әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу және оны тәркілеу шараларын қабылдау кезінде халықаралық-құқықтық негіз қалыптастырады.

Сотталған адамдарды беру туралы келісім тараптардың шетелде бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азаматтарына тағайындалған жазаны өз мемлекетінің аумағында өтеуге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты тереңдету, жедел ақпарат алмасу бойынша алдағы қадамдарды айқындап, өзара қызығушылық тудыратын өзге де құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Айта кету қажет, Азиядағы негізгі қаржы орталықтарының бірі саналатын Макаомен халықаралық ынтымақтастық орнату Қазақстан Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі арасындағы бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1226531?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version