2026 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б. Кемалов «Mangystau TV» телеарнасына «Өңірдегі өндірістік қауіпсіздік шаралары күшейтілді» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, өңір кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жұмыс орындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірістік тәуекелдерді төмендету және жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дереккөз: https://youtu.be/9chZBLhzQzk?si=LES2uxJDrmwbO–a
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1226094?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау