ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы ақпараттық жүйелерден қызметті тоқтату туралы салықтық өтініштерді қабылдауға арналған «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» ақпараттық жүйесіндегі жаңа API-сервистің іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Жаңа сервис цифрлық қызметтерді одан әрі дамытуға және салық төлеушілер үшін қолайлылықты арттыруға бағытталған. Енді салық төлеушілер қызметті тоқтату туралы салықтық өтініштерді қолданыстағы «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен қатар, сыртқы ақпараттық жүйелер арқылы да қашықтан ұсына алады.
API-сервистің форматтарына қатысты сипаттама Smart Bridge платформасында орналастырылған. Интеграция үшін келесі сервистік кілттер қолжетімді:
– VSHEP_MGU_TAX_APPLICATION_TERM_ACTIVITIES;
– VSHEP_MGU_GET_JOURNAL_STATUSES.
Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініштерді қабылдауға арналған API-сервиске қосылуға мүдделі ұйымдар мен әзірлеушілер Smart Bridge платформасы арқылы өтінім бере алады.
Жаңа API-сервисті іске асыру мемлекеттік және коммерциялық ақпараттық жүйелердің интеграция мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ бизнес пен азаматтар үшін электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1226093?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау