2026 жылға арналған жоспарға сәйкес облыс аумағында азаматтық қорғау саласында кешенді, командалық-штабтық, тактикалық-арнайы және объектілік оқу-жаттығулар ұйымдастырылып өткізілуде. Аталған іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алу, оларды жою кезіндегі іс-қимылдарды жетілдіру, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының дайындығын арттыру, сондай-ақ халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда. Оқу-жаттығулар барысында төтенше жағдайлар кезіндегі өзара іс-қимыл алгоритмдері пысықталып, күштер мен құралдардың әзірлік деңгейі тексеріледі.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау