Семей қаласында этномедиация бойынша облыстық семинар ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында «Этносаралық саладағы медиация» тақырыбындағы облыстық оқыту семинар-тренингі аяқталды. Іс-шараны Абай облысының ішкі саясат басқармасы тапсырыспен «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Екі күндік шараға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат саласының мамандары, этномедиаторлар мен Достық үйлерінің қызметкерлері қатысты.

Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арман Жемагулов іс-шараға қатысып, этномедиацияның маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінгі шарамыздың негізгі өзегі – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру. Қатысушылар семинар барысында этносаралық қақтығыстарды реттеу кезінде келіссөз жүргізу мен дауларды сотқа жеткізбей шешудің әдіс-тәсілдерін меңгереді. – деді Арман Жемагулов.

Семинар барысында қатысушылар этносаралық жанжалдардың алдын алу, медиативтік тәсілдерді қолдану және келіссөз жүргізу бағытында тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шараға республикалық деңгейдегі сарапшы, «Парасат» медиаторлар мен заңгерлер қауымдастығы» ҚБ директоры Мұхтар Адаев қатысып, этномедиация саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталып, белсенді мамандар марапатталды.

Семинар 2024 жылдан бері ұйымдастырылып келеді және өз нәтижесін көрсетуде. Биыл семинарға республикалық деңгейдегі тәжірибелі этномедиатор қатысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ishki-sayasat/press/news/details/1226651?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version