Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жалғасуда. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданына барып, диқандармен кездесті және егіс науқанының барысымен танысты. Ауданда егіс науқаны 35% орындалды.
Биыл жалпы егіс алқабы 4,3 млн гектарды құрайды. Қазіргі таңда 1,5 млн. га жерге егін егілді. Оның ішінде 970 мың. га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдары, 458 мың гектарға майлы дақылдар. Өнімділікті арттыру мақсатында 400 мың тонна минералды тыңайтқыш себу жоспарланған.
Жалпы облыс бойынша көктемгі жұмыстарға 10 мыңнан астам трактор, 14 мыңға жуық дәнсепкіш және 1,5 мың заманауи жоғары өнімді егіс кешені жұмылдырылған, 59 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1226650?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау