СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗІЛДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, департамент басшысы Б.Жұмағұлов жұмыс сапарымен Сырдария ауданының Ақжарма ауылында болып, аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың ауыл тұрғындарымен өткен кездесуге арнайы қатысты. Еркін форматта өткен кездесуде Бектемір Жұмағұлов уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелерге қысқаша тоқталып, жұмыскерлер құқығының сақталуын қамтамасыз етуде жұмыс берушілер тарапынан еңбек заңнамасы талаптарын орындау міндетті екенін атап өтті.

Сондай-ақ, еңбек қатынастарын дұрыс реттеу барысындағы еңбек шартын жасасу, оны уақытылы жүйеге тіркеу, жазатайым оқиғадан сақтандыру, еңбек қауіпсіздігі ережелеріне оқыту сияқты міндетті алғышарттар туралы түсіндірме берді.

Мұнан кейін елді мекеннің ауыл шаруашылығы құрылымдарының жұмысымен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, егін шаруашылығын жүргізіп отырған «Ақжарма и К» және «Ақжарма-2» шаруа қожалықтарында болып, еңбеккерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында департамент басшысы еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, ұжымдық шарт, еңбек шарттарын жүйеге енгізу және есепке алу саласындағы жұмыстарға, жұмыс берушілер тарапынан міндетті төлемдердің мерзімінде жүргізілу қажеттігіне назар аударып, қойылған жан-жақты жауаптар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1226894?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version