Абай облысы Полиция департаменті: Шетел азаматтарының келуі туралы хабарлау тәртібі қалай жүзеге асырылады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасына келген шетел азаматтарының болуы туралы хабарлама беру — қабылдаушы тарап үшін міндетті рәсім болып табылады. Ол шетел азаматтарын көші-қон есебіне алу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қабылдаушы тарапқа мыналар жатады:

қонақүй немесе өзге де орналастыру орны;
жұмыс беруші;
тұрғын үй иесі.

Хабарлама берудің тәсілдері:

Қазақстан Республикасының визалық-көші-қон порталы арқылы онлайн (авторлану және электрондық цифрлық қолтаңба қажет);
электрондық үкімет порталы арқылы;
eQonaq мобильді қосымшасы арқылы (паспортты сканерлеу арқылы жылдам хабарлама беру мүмкіндігі бар);
қағаз түрінде — көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне жеке жүгіну арқылы.

Маңызды ақпарат:

Шетел азаматы визамен немесе визасыз тәртіппен келгеніне қарамастан, хабарлама беру міндетті.
Шетел азаматының көші-қон қызметіне өз бетінше жүгінуі талап етілмейді — бұл міндет қабылдаушы тарапқа жүктеледі.
Шетел азаматының тұратын мекенжайы өзгерген жағдайда немесе оның елдің басқа өңірінде 3 тәуліктен артық болуы кезінде хабарлама қайтадан берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер мен талаптарды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға айыппұл санкциялары қолданылуы мүмкін.

Абай облысының Полиция департаменті шетел азаматтарын қабылдайтын барлық азаматтарды заң талаптарын сақтауға және хабарламаны уақытылы беруге шақырады. Бұл рәсім елдегі қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету үшін маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226928?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version