Абай облысында полиция қызметкерлері қоғамдағы тыныштықты сақтау және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі әрі нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізіп келеді. Жыл басынан бері өңірде отбасылық тұрмыстық қатынастар саласы бойынша 506 адам полиция есебінде тұр.
Оның ішінде:
Бұл шаралар тек әкімшілік шеңбермен шектелмей, әлеуметтік қызметтер мен басқа да мүдделі органдармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылуда.
Учаскелік полиция инспекторлары күнделікті халықпен байланыс орнатып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, қауіпті деп танылған отбасылар арнайы бақылауға алынып, оларға арналған жеке профилактикалық шаралар ұйымдастырылады.
Аталған кешенді шаралар қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау үшін маңызды рөл атқарады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1226929?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау