Астанада креативті индустрияны дамыту және жергілікті бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы AU HUB алаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар шығармашыл жастарды, кәсіпкер әйелдерді, қоғамдық ұйымдар мен өнер адамдарының басын қосқан AU HUB креативті хаб жұмысымен танысты. Іс-шара аясында отандық брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары, әлеуметтік жобалар, шығармашылық бастамалар мен әйелдерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.

Жиын барысында креативті индустрияны дамыту, шығармашылық жобаларды коммерцияландыру, өңірлердегі тың жобаларға қолдау көрсету, шығармашыл жастарға қолайлы орта қалыптастыру және жергілікті брендтерді жаңа медиа арқылы кеңінен таныту мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ креаторлардың өз жобаларын көпшілікке таныстырып, шығармашылық серіктестер тауып, нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтетін орта қалыптастыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта креативті экономиканы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1227052?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version