«Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның міндеті, полицияның – басты жауапкершілігі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияровтың басшылығымен «Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның жауапкершілігі» атты форум шеңберінде әлем чемпиондары, танымал спортшылар және құқық қорғау органдарының өкілдері Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжіне экскурсия ұйымдастырылды. Бұл – ғасырлар куәсі, Қазақстандағы ең алғашқы педагогикалық оқу орындарының бірі.

Колледждің тарихы 1903 жылы Семей қаласында мұғалімдер семинариясының ашылуымен басталды.
Бүгінде бұл білім ордасы – тек ұстаздарды даярлайтын мекеме ғана емес, қоғамға адал қызмет ететін тұлғаларды тәрбиелейтін мектепке айналған орын. Полиция қызметкерлері үшін мұндай тарихи мекен – өнеге мен үлгі алаңы, өйткені әрбір келесі ұрпаққа құқыққа құрметпен қарауды, қоғамға жауапкершілікпен қызмет етуді осында үйретеді.

Колледжден білім алған тұлғалардың қатарында Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов бар.

Аталған форумның осы жерде өтіп жатқаны сәйкестік емес, бұл жерде колледждің бірегей түлегі Шырақбек Қабылбаев білім алған.
Қазақстан милициясын ұйымдастырудың бастаушысы, кейін Ішкі істер министрі қызметін атқарған алғашқы қазақ офицері болды.

Экскурсия аясында Эльдар Данияров:

«Балалардың қауіпсіздігі – бұл тек ата-аналардың ғана емес, қоғамның және, әрине, полицияның басты міндеті. Біз құқық қорғау органдары ретінде әрқашан балалардың қауіпсіз ортасында өсіп, білім алуын қамтамасыз етуге жұмыс істейміз. Жастарымыз кешегі өткен тарихын ұмытпауы керек. Қара шаңырақта өтіп жатқан бүгінгі форум – қоғам мен полицияның бірлесіп әрекет етуінің көрінісі.»

Сапар барысында қатысушылар колледждің тарихи мұраларын тамашалап, заманауи инфрақұрылымымен танысып, полиция қызметінің қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтаудағы маңызды рөлін терең түсінді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1227041?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version