Семей қаласында полиция қызметкерлерімен коммуналдық қызмет өкілдері, еріктілер және әлеуметтік қолдау ұйымдарының бірігіп, көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірін қоқыстан тазарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Бұл іс-шара полициядан FSM Social қосымшасы арқылы Семей қаласы Абай облысы КМҚК “Отбасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау орталығына ”хабарлама түсіп, нәтижесінде пәтерге мобильдік топтар “Жастар Семей” және “Ана үйі” қоғамдық қоры, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелері, мектеп басшылығы және Семей қаласының полиция өкілдері келіп, бірлесіп жұмыс істеді.
Пәтерге кірген кезде қызметкерлер бөлмелердің ұзақ жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдықтар, ескі заттар және пакеттермен толы екенін анықтады.
Тазалау жұмыстарын ұйымдастыру барысында пәтерден шамамен 10 КамАЗ көлемінде қоқыс шығарылды.
инфекцияның таралу қаупі және санитариялық талаптардың бұзылуы анық байқалды.
Осы іс-шаралардың нәтижесінде ықтимал төтенше жағдайдың алдын алу, көпқабатты тұрғын үй тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пәтердегі санитарлық ахуалды қалпына келтіру мүмкін болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1227040?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау