Полицей-кавалеристің бір күні: Ел Тыныштығы Жолындағы Ат Үстіндегі Қорғаушылар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атты полиция — бұл тек ат үстіндегі патруль емес, ел тыныштығының тірегі. Күн сайын олар қоғамдық орындарда кезекшілік жасап, тәртіп пен қауіпсіздікті күзетеді, кез келген төтенше жағдайға дайын болады.

Жалпы Абай облысын атты полицияның отаны деуге болады. Өйткені 1918 жылы 12 тамызда Семей жерінде алғашқы атты Алаш милициясы құрылған.
Бүгінде полиция қоғамдық тәртіпті қадағалап қана қоймай, қалыптасқан дәстүрді жалғап келеді.

Патрульдік полиция батальонының атты әскер взводы көлік бармайтын аумақтарды қадағалайды. Көбінесе жағалаулар мен саябақтарды патрульдейді.

Бір ғасырға жуық тарихы бар атты әскер взводы халықтың ықыласына бөленіп, жүректерінен орын алған. Себебі, қиын сәтте әрқашан жандарынан табылып, көмек қолын созады.

     Бұл тек атпен патрульдеу ғана емес, бұл — Ұлы дала тарихы, қазақ халқының атқа міну мәдениеті мен заманауи құқық қорғау жүйесінің сабақтастығын айшықтайтын бірегей құрылым.
Кавалерия қызметі — жоғары дайындықты, төзімділікті, шапшаңдықты және адалдықты талап етеді. Ат пен қызметкер арасындағы үйлесім — бұл олардың басты қаруымыз. Әрбір сап, әрбір қадам — халыққа деген қамқорлық пен сенімнің көрінісі.

Полицей-кавалерисі полиция аға сержанты Каскенов Амангали:

«Біз тек патрульде жүрмейміз, біз қоғамның тыныштығы үшін қызмет етеміз. Ат үстінде әрбір қадам — жауапкершілік, әрбір көзқарас — халыққа деген қамқорлық. Біз әрдайым дайынбыз, әрқашан абыроймен қызмет етеміз, өйткені елдің тыныштығы — біздің миссиямыз. Бала кезімнен бері төрт аяқты жануар жақын серігіме айналған. Қазіргі уақытта қызметімнің дәл осы кавалерияда болғанына қуаныштымын, мақтанамын. Күнделікті өзімізге қалай қаларасақ тұлпарымызға да дәл солай қараймыз. Қазіргі уақытта атты әскер тұрғындардың әсіресе балалардың көз қуанышына айналып отыр»- деп ойымен бөлісті.

Қызметіміздің негізгі бағыттары:

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау

Профилактикалық жұмыстар жүргізу

Жедел әрекет ету және төтенше жағдайларға дайын болу

Кавалерия қызметінің ерекшелігі — бұл тек тәртіп сақтау емес, халықпен байланыс, сенім мен ынтымақтастық орнату. Ат үстіндегі патрульдеріміз — қауіпсіздік пен тәртіптің тірегіне айналды. Олар үшін әр күн — бұл ел тыныштығы жолындағы батыл қадам.

Ел тыныштығы — біздің абыройымыз, ал ат үстінде жүрген әрбір қызметкер — осы абыройдың тірегі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1227039?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version