Қызылордада гарнизондық жиын өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы алаңында гарнизондық жиын өтті. Іс-шараны Департамент бастығы, полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы өткізді.  Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  Демалыс күндері полиция қызметі күшейтілген режимде жүргізіледі.  Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау бағытындағы негізгі міндеттер түсіндіріліп, саптық бөлімше командирлеріне нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, 25 мамыр күні өтетін «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы кезінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде күшейтілген режимде қызмет ұйымдастырылатыны айтылды.  Жиын соңында жеке құрам салтанатты саппен жүріп өтіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне кірісті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1226995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version