Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
Жазғы Универсиада чемпионы Самирхон Абабакиров -63 кг салмақтың жартылай финалында былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Мехди Хаджи Мусаимен айқасты. Тартысты өткен жекпе-жек 0-2 есебімен Иран спортшысының пайдасына шешілді.
Осы тұста бұл екі даянг шебері арасындағы бірінші кездесу екенін айта кетейік.
Самирхон осыған дейін іріктеуде Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезиядан келген қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңді.
Бүгін жарыс жолына шыққан Айдана Сүндетбай (-53 кг) ширек финалда әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия чемпионы Дуниа Әли Абуталебке (Сауд Арабиясы) жол берді. Ал Акрамат Долгиев (-63 кг), Мейір Нұрғазин (-87 кг), Азиза Қаражанова (-53 кг), Аяулым Асқар (-67 кг) 2-кезеңде қарсыластан ары аса алмады.
Қазір Қазақстан командасының еншісінде 4 қола медаль бар. Бәсеке ертең мәресіне жетеді. Осыған дейін Еркебұлан Еңсегенов(-54 кг), Эльдар Бірімбай (-74 кг) Назым Махмутова (-73 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1227051?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау