Жыл басынан бері СҚО-да сталкингтің 10 фактісі тіркелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маза бермейтін қоңыраулар, аңду, әлеуметтік желілер мен геолокация арқылы адамды бақылауға тырысу — мұның бәрі сталкингтің белгілері. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында осындай 10 факт тіркелді.

Бұл туралы полицейлер Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің қызметкерлерімен өткен профилактикалық кездесуде айтты. Кез келген адам бейтаныс адамның немесе тіпті жақын адамның қудалауына тап болуы мүмкін.

Үнемі кездесуге ұмтылу, жеке ақпаратты рұқсатсыз тарату, психологиялық қысым көрсету, қызғаныш, жеке өмірді толық бақылауға тырысу және қорқыту — мұның бәрі көмекке жүгінуге негіз болады.

Сталкинг фактілері туралы 111 сенім телефонына, СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөліміне 8 (7152) 61-25-30 нөмірі арқылы немесе «102» арнасына хабарлауға болады.

Сонымен қатар полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау және құқықтық тәртіптің өзге де мәселелері туралы еске салды. Мұндай іс-шаралар «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1227030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version