Ақмола облысы прокурорының орынбасары Шортанды ауданына жұмыс сапарымен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы прокурорының орынбасары Марат Бақтыбекұлы жұмыс сапарымен Шортанды ауданына келді.

Сапар аясында азаматтарды қабылдау өткізіліп, аудан тұрғындарының сұрақтарына түсіндірмелер беріліп, өтініштері тыңдалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар нысандарға бару ұйымдастырылды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтары мен бюджет саласы қызметкерлеріне арналған 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысы нысаны қаралды.

Бұдан бөлек, су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында жүзеге асырылған «Дамса» бөгетінің шлюз-жапқыштарын реконструкциялау жобасы, сондай-ақ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 250 орындық жатақхана құрылысы нысанына барды.

Жұмыс сапары барысында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, жобаларды іске асыру және заңдылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1227587?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version