2026 жылғы 20 мамырда Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мансап орталығымен бірлесіп, Көкшетау қаласы колледждерінің директорларымен және кадр қызметтерімен кеңес өткізді.
Кездесу барысында түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, еңбек шарттарын бірыңғай есепке алу жүйесінде еңбек шарттарын міндетті тіркеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды сақтау, әлеуметтік аударымдарды төлеудің дұрыстығы туралы түсініктемелер берілді.
“Электрондық еңбек биржасы” платформасында бос жұмыс орындарын уақтылы орналастыру және Мансап орталығы арқылы жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізу туралы ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/press/news/details/1227588?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау