ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ: АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің мәдени шара Арыс қаласының мәдени күндері өтті.
 
Фестиваль аясында келушілерге ауданның мәдениеті мен тыныс-тіршілігін танытатын арнайы бағдарламалар ұсынылды.
 
Атап айтқанда, ұлттық қолөнер бұйымдарының шеберлік сағаттары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, қыш құмыра жасау өнері , концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Сонымен қатар өңірдің тарихи мұрасы мен әлеуметтік-мәдени жетістіктері кеңінен насихатталды.
 
Кешкі уақытта «Керуен сарай» сахнасында аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылды. Әсем ән мен күмбірлеген күй, ұлттық нақыштағы сахналық қойылымдар көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады.
 
Айта кетейік, «Өнерлі өлке» фестивалі – ұлттық өнерді ұлықтап, өңірлер арасындағы мәдени байланысты бекемдейтін тағылымды жоба. Рухани құндылықтарды дәріптеген фестиваль халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттап, өнер арқылы ел бірлігін айшықтай түсті.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1227943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version