Шортанды ауданында Ақмола облысы прокурорының орынбасары Бақтыбекұлы Марат жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында Дамса ауылдық округіндегі су бөгетінің жағдайы қаралып, нысанның техникалық ахуалы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылды. Сонымен қатар, Научный кентінде орналасқан жатақхана нысанына барып, ғимараттың қазіргі жағдайымен және ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Нысандарды аралау барысында аудан әкімі мен аудан прокуроры бірге болып, жауапты сала мамандары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1227942?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version