
Сапар барысында Дамса ауылдық округіндегі су бөгетінің жағдайы қаралып, нысанның техникалық ахуалы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылды. Сонымен қатар, Научный кентінде орналасқан жатақхана нысанына барып, ғимараттың қазіргі жағдайымен және ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Нысандарды аралау барысында аудан әкімі мен аудан прокуроры бірге болып, жауапты сала мамандары атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/press/news/details/1227942?lang=ru

Жауап қалдыру