Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті медицина қызметкерлері арасында өндірістік жарақаттану жағдайларының жиілеп кетуіне жедел әрекет етті.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ-дағы МКК-да бір түрдегі жазатайым оқиғалардың күрт өсуі тіркелді — 10 қызметкер (фельдшерлер мен жүргізушілер) қызметтік автокөліктердің пайдаланылған газдарынан (иісті газ) уланған. Топтық улану дерегі бойынша Департаментпен арнайы тергеп-тексеру амалдары басталып кетті.
Оқиғалардың себептерін тез арада жою және медициналық бригадалардың денсаулығын қорғау мақсатында Департамент басшысы А.Т.Досжановтың төрағалығымен шұғыл жұмыс кеңесі өтті. Талқылауға жедел жәрдем станциясы директорының м.а. Ғ.Ж. Жұмағазиева, бөлім мамандары және БҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты.
Қорытынды бойынша қабылданды:
- 📋 Нақты алгоритм: Иісті газбен улану қаупі туындаған немесе факті тіркелген кезде жедел жәрдем қызметкерлері мен жауапты тұлғалардың іс-қимылдарының ішкі регламенті әзірлеп, бекітуге.
- 🚗 Көліктерді техникалық аудиттен өткізу: Қызметтік машиналардағы пайдаланылған газдардың деңгейіне аспаптық өлшеулер жүргізу үшін Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменттерінің сарапшыларын тартуға бастамашылық жасалды. Арнайы көліктің қауіпсіздігі мінсіз болуы тиіс.
- 👷♂️ Бақылауды күшейту: Кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысы жанданады. Профилактикалық тексерулер тұрақты түрде жүргізілмек.
«Күн сайын азаматтарымыздың өмірін арашашап жүрген жандардың денсаулығына жұмыс орнында қауіп төнбеуі тиіс. Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету — әрбір жұмыс берушінің тікелей міндеті, және бұндай жағдайлар Департаменттің бақылуында болады», — деп атап өтті департамент басшысы А.Досжанов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1227666?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау